"Елімай" ҚПЛ-дегі сәтсіз сериясын тоқтатты (ВИДЕО)

Жекпе-жек шолушысы

Семейдің "Елімай" ФК Қазақстан Премьер-лигасының 11-турында "Жеңісті" қабылдап, маңызды жеңіске жетті.

"Елімай" ҚПЛ-дегі сәтсіз сериясын тоқтатты (ВИДЕО)
instagram/@jenisfk.kz

Мұртазаев есеп ашты, Қуат таразы басын теңестірді

Алаң иелері алғашқы минуттардан-ақ шабуылға басымдық берді. Нәтижесінде Роман Мұртазаев командасын алға шығарды. Бұдан кейін қонақтар шабуылдағы белсенділігін арттырды. Дегенмен бірінші тайм соңына дейін есеп өзгерген жоқ.

Екінші таймның басында Исламбек Қуат төмен бағытталған соққысымен таразы басын теңестірді. Осы голдан кейін екі команда да сақ ойнай бастады.

Фессу Плакка жеңіс сыйлады

Матчтың шешуші сәтінде Фессу Плакка көзге түсті. Ол алыстан бағыттаған соққысымен қақпаны дәл тауып, семейлік клубқа жеңіс әкелді. Осылайша кездесу 2:1 есебімен “Елімайдың»”пайдасына аяқталды.

Бұл жеңіс семейліктер үшін аса маңызды болды. Андрей Карповичтің шәкірттері бұған дейін ҚПЛ-де қатарынан бес матч бойы жеңіске жете алмай жүрген еді. Енді еншісіндегі ұпай санын 17-ге жеткізіп, турнир кестесінде алтыншы орынға көтерілді. Ал “Жеңіс” 13 ұпаймен оныншы орында қалды.

Материалда: