"Ордабасы" Қостанайда жауапсыз үш доп соқты (ВИДЕО)

Бокс шолушысы

Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының 11-турында "Ордабасы" Қостанайда "Тобылды" 3:0 есебімен ұтты.

"Ордабасы" Қостанайда жауапсыз үш доп соқты (ВИДЕО)
instagram/@fctobol

Матч тағдырын қызыл қағаз өзгертті

Ойынның алғашқы бөлігінде "Тобыл" допқа көбірек иелік етіп, шабуылда белсенді көрінді. Қостанайлықтар бірнеше қауіпті сәт ұйымдастырып, қарсылас қақпасына қысым жасады.

Бірақ 30-минутта Кирилл Глущенков тікелей қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды. Осы сәттен кейін матчтың бағыты өзгерді. Бір ойыншыға артық болған "Ордабасы" шабуылдарын үдетіп, екінші таймда нәтижеге қол жеткізді.

Капацина есеп ашты, Әмір дубль жасады

Үзілістен кейін шымкенттік клуб басымдықты голға айналдырды. Екінші таймның басында Кристиан-Михай Капацина көзге түсті. Кейін есепті ұлғайтып, ойын соңына дейін басымдығын сақтап қалды. Матчтың нүктесін Жасұлан Әмір қойды. Ол екі мәрте мергендік танытып, дубль авторы атанды.

Бұл жеңістен кейін "Ордабасы" 25 ұпай жинап, Қазақстан Премьер-лигасының турнир кестесінде екінші орынға көтерілді. Ал "Тобыл" сегіз ұпаймен аутсайдерлер қатарында қалды.

Материалда: