Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Сәтпаев үшін сәтсіз матч: "Бернли" ірі есеппен ұтылды

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаев өнер көрсететін "Бернли" клубы Чемпионшиптің 12-турында ірі есеппен жеңіліс тапты.

Сәтпаев үшін сәтсіз матч: "Бернли" ірі есеппен ұтылды
instagram.com/d.satpayev

Сырт алаңда төрт гол жіберіп алды

Англия Чемпионшипінің 12-туры аясында "Бернли" сырт алаңда "Линкольнмен" кездесті. Матчтағы есепті қонақтар ашты. 39-минутта Андреа Унтонджи мергендігімен көзге түсті. Ал бірінші таймның қосымша уақытында Бен Хаус (45+3) таразы басын теңестірді.

Үзілістен кейін "Линкольн" ойын тізгінін толықтай өз қолына алды. 50-минутта Миккель Ладефогед алаң иелерін алға шығарса, арада жеті минут өткенде Дом Джеффрис есеп айырмасын ұлғайтты. 67-минутта Ладефогед дубль авторы атанды. Ал 84-минутта "Бернли" ойыншысы Маркус Эдварс пенальтиді жүзеге асыра алмады.

Дастан Сәтпаев неше минут ойнады?

Қазақстандық талант Дастан Сәтпаев "Бернлидің" негізгі құрамында алаңға шықты. 18 жастағы шабуылшы кездесудің 59-минутына дейін ойнап, кейін алмастырылды. Ол алаңнан кеткен сәтте командасы 1:3 есебімен жеңіліп жатқан еді. Сәтпаев бұл кездесуде гол соғып немесе нәтижелі пас беріп көзге түсе алмады.

Бұл жеңілістен кейін "Бернлидің" турнирлік жағдайы күрделене түсті. 12 тур қорытындысы бойынша сегіз ұпай жинаған команда 22-орынға түсіп, Чемпионшиптен шығып қалу қаупі бар аймаққа орналасты.

Ал "Линкольн" ұпай санын 15-ке жеткізіп, турнир кестесінде 15-орынға көтерілді.

Осылайша, Дастан Сәтбаев негізгі құрамда мүмкіндік алғанымен, оның командасы кезекті жеңілісіне ұшырады.

Бұл туралы не ойлайсыз?