Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Автогол мен қызыл қағаз: "Ордабасы" чемпиондық додада ұпайдан айырылды

Шымкенттің "Ордабасы" клубы Қазақстан Премьер-лигасының 29-турында елордалық "Жеңіспен" тең түсіп, чемпиондық жолда маңызды екі ұпайдан айырылды.

Автогол мен қызыл қағаз: "Ордабасы" чемпиондық додада ұпайдан айырылды
instagram.com/pflkaz/

"Ордабасы" мен "Жеңіс" матчында не болды?

Алғашқы таймда екі команда да шабуыл ұйымдастырып, есеп ашуға бірнеше мүмкіндік алды. Дегенмен үзіліске дейін таблодағы нөлдер өзгерген жоқ.

Екінші таймның басында қонақтар алға шықты. "Жеңіс" ойыншысы Адилионың қақпа алдына бағыттаған пасынан кейін доп "Ордабасы" қорғаушысы Ги-Марселин Киламаға тиіп, өз қақпасына енді.

Бұдан кейін Жасұлан Әмір алаңнан қуылды. Бұған қарамастан шымкенттіктер есепті теңестіре алды. Эльхан Астанов мергендігімен көзге түсіп, командасын жеңілістен құтқарды.

"Қайраттың" чемпиондыққа мүмкіндігі қандай?

Осы тең нәтижеден кейін "Ордабасы" 68 ұпай жинап, турнир кестесіндегі көшбасшылығын сақтап қалды. Ал "Қайраттың" еншісінде 63 ұпай бар. Екі команда арасындағы айырмашылық бес ұпай болды. Бірақ алматылықтардың қарсыласына қарағанда бір ойыны кем.

Бұл жағдай чемпиондық бәсекенің әлі аяқталмағанын көрсетеді. Егер Рафаэль Оразбахтиннің ұжымы кейінге қалған кездесуінде жеңіске жетсе, "Ордабасымен" арадағы ұпай айырмасын екіге дейін қысқарта алады.

Бұл туралы не ойлайсыз?