Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Дастан Сәтпаев бапкерсіз қалды

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаев өнер көрсететін "Бернли" клубында күтпеген кадрлық өзгеріс болды.

Дастан Сәтпаев бапкерсіз қалды
bbc.com

"Бернли" Ники Хайенді не үшін жұмыстан шығарды?

Ағылшын клубының баспасөз қызметі бас бапкердің қызметінен кеткенін ресми түрде мәлімдеді. Клуб басшылығы мұндай шешімге Чемпионшиптегі сәтсіз нәтижелер себеп болғанын атап өтті.

"Бернли" футбол клубы бас бапкер Ники Хайеннің қызметінен босатылғанын хабарлайды. Бұл шешім бірден күшіне енеді. Директорлар кеңесі Чемпионшиптегі маусымның сәтсіз басталуына байланысты осындай қадамға барды", – делінген клубтың ресми мәлімдемесінде.

Осылайша Ники Хайеннің "Бернлидегі" жұмысы мерзімінен бұрын аяқталды.

Дастан Сәтпаевтың командасы ірі есеппен жеңілді

Бапкердің қызметінен кететіні Англия Чемпионшипінің 12-турындағы сәтсіз ойыннан кейін белгілі болды. Аталған кездесуде "Бернли" сырт алаңда "Линкольнге" 1:4 есебімен есе жіберді.

Қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаев матчты негізгі құрамда бастап, 59-минутта алмастырылды. Сол сәтте оның командасы 1:3 есебімен жеңіліп жатты. Сәтпаев бұл ойында гол соғып немесе нәтижелі пас беріп көзге түсе алмады.

"Бернли" нешінші орында?

2026/27 жылғы маусымда "Бернли" Англия Чемпионшипінде сәтсіз өнер көрсетіп келеді. Команда 12 кездесуде небәрі бір жеңіске жетіп, сегіз ұпай жинаған.

Нәтижесінде клуб турнир кестесінде 22-орынға түсіп, төменгі дивизионға түсіп қалу қаупі бар аймаққа орналасты. Дәл осы нәтижелер басшылықтың жаттықтырушыны ауыстыруына түрткі болды.

"Бернли" Чемпионшиптегі келесі кездесуін 31 қазанда өз алаңында "Портсмутқа" қарсы өткізеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?