ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 21-тур

"Виторияны" жеңе алмағанымен "Астана" қалтасын ₸72 млн толтырды

Конференция лигасы ойынында елордалық клуб португалиялық ұжыммен тең түскен еді. 

"Виторияны" жеңе алмағанымен "Астана" қалтасын ₸72 млн толтырды
sportmail.ru

Кеше "Астана" клубы Конференция лигасы аясында Португалияның "Витория" командасымен кездесу өткізді. Алматыда өткен матч 1:1 есебімен аяқталды. 

Жалпы кезеңдегі тең ойын үшін енді елордалық клубқа УЕФА тарапынан 133 мың еуро берілуі тиіс. Ұлттық валютаға шаққанда бұл шамамен 72 миллион теңге. 

Егер "Астана" аталған матчта жеңіске жеткенде 400 мың еуро пайдаға кенелер еді. Бұл шамамен 218 миллион теңге. 

Естеріңізге сала кетейік, Конференция лигасында "Астананың" әзірге бір ғана жеңісі бар. Алғашқы турда сербиялық "ТСЦ Бачка-Тополадан" басым түскен болатын. 

Енді Григорий Бабаян шәкірттері Англияның "Челси" клубы мен кипрлік АПОЭЛмен күш сынасады. 

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.