ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 23-тур

Әлия Юсупова Қазақстан гимнастика федерациясының басшысы қызметіне қайта сайланды

Алматыда Қазақстан гимнастика федерациясының есептік-сайлау конференциясы өтті. Оған Ұлттық Олимпиадалық комитетінің бас хатшысы Әлімжан Ақаев қатысты.

Әлия Юсупова Қазақстан гимнастика федерациясының басшысы қызметіне қайта сайланды
olympic.kz

Конференция барысында федерацияның есепті кезеңдегі жұмысының қорытындылары шығарылып, алдағы уақытқа арналған даму жоспарлары мен стратегиялары талқыланды.

Күн тәртібіндегі басты мәселе спорт ұйымының президентін сайлау болды.

Конференция қатысушыларының бірауыздан қабылдаған шешімімен Әлия Юсупова федерация басшысы қызметіне төрт жылдық мерзімге қайта сайланды.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.