"Бешікташ" Зайнутдиновсыз қатарынан бесінші ойында жеңіске жетті (ВИДЕО)
"Бешікташ" Түркия чемпионатының 26-турында өз алаңында "Кайсериспордан" басым түсіп, жеңісті сериясын жалғастырды.
Ыстамбулда өткен ойын алаң иелерінің 2:0 есебімен жеңісімен аяқталды. 45-минутта Жоау Мариу есеп ашса, 90+7-минутта Семих Кылычсой пенальтиден гол соқты.
Бұл ойында "Бешікташтың" қазақстандық жартылай қорғаушысы Бақтиёр Зайнутдинов жарақатына байланысты алаңға шыққан жоқ.
Бұл жеңіс "Бешікташ" үшін қатарынан бесінші болды. Команда қазір 41 ұпаймен Түркия чемпионатында 4-орында тұр. Ал "Кайсериспор" 24 ұпай жинап, 17-орынға жайғасты.
Келесі ойындарда "Бешікташ" қарқынын сақтай ала ма?
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet