ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 23-тур

Хави келесі маусымда бапкерлік қызметке оралмақ

АПЛ клубтары испаниялық маманға ұсыныс жасауға дайын екен. 

Хави келесі маусымда бапкерлік қызметке оралмақ
sportrbc.ru

“Барселона” клубының аңызы Хави келесі маусымнан бастап бапкерлік қызметке оралуға ниетті. Қолда бар мәлімет бойынша, оған ағылшын Премьер-Лигасының бірнеше клубы ұсыныс жасауға дайын.

Бұдан бөлек, «Ювентус» та Хавиді жаңа бапкер ретінде шақырғысы келеді. Осыған байланысты қазіргі бапкер Моттаны мезгілінен бұрын босатуы мүмкін. 

Айта кетейік, Хави каталондық клубта жұмыс істеген уақытында ол 143 матч өткізді. Солардың ішінде “Барса” 90 рет жеңіске жетті. Ла Лигада чемпиондық титулды жеңіп алды. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
Материалда:

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.