Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Байыған кім? Биылғы Чемпиондар лигасындағы командалардың табысы қандай

Редактор Penalty.kz
15.03.2025, 07:17

2024/2025 жылғы Чемпиондар Лигасында ең көп қаржы тапқан клуб Мюнхеннің "Бавариясы" болды.

sports.ru
sports.ru

Биыл Чемпиондар лигасы жаңа форматта алғаш рет өтіп жатыр. Жалпы алғанда УЕФА 36 қатысушы клуб арасында 2,47 миллиард еуроны бөледі.

Клубтар қанша ақша алды?

  • Әр команда топтық кезеңге қатысқаны үшін 18,8 млн еуро табыс тапты.
  • Әр жеңіс үшін 2,1 млн еуро, тең ойын үшін 700 мың еуро қосымша төленді.
  • 1/8 финалға шыққандар – 11 млн еуро.
  • Ширек финалистер – 12,5 млн еуро.
  • Жартылай финалға өткендер – 15 млн еуро.
  • Финалға шыққан клубтар 18,5 млн еуро, ал жеңімпаз қосымша 6,5 млн еуро алады.
  • Турнир жеңімпазы 200 миллион еуроға дейінгі соманы иеленуі мүмкін.

Қай клубтар қанша табыс тапты?

Mundo Deportivo, Football Meets Data және Expansión деректеріне сәйкес, 1/8 финал қорытындысы бойынша ең көп қаржы жинаған клубтар:

  1. "Бавария" – 106 млн еуро
  2. "ПСЖ" – 104,4 млн еуро
  3. "Интер" – 103,1 млн еуро
  4. "Боруссия Дортмунд" – 102,2 млн еуро
  5. "Арсенал" – 102 млн еуро
  6. "Барселона" және "Реал Мадрид" – 101 млн еуро

1/8 финалда "Реалдан" жеңіліп қалған "Атлетико Мадрид" 85 млн еуро табыс тапты. УЕФА бұл сандарды ресми түрде алдағы апталарда жариялайды деп күтілуде.

1/4 финал жұптары

"Реал" – "Арсенал" 

"Барселона" – "Боруссия Дортмунд" 

"ПСЖ" – "Астон Вилла" 

"Бавария" – "Интер" 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір