Қазақстан мен Өзбекстан құрамалары Шымкентте кездесті (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі

Шымкентте өткен халықаралық жастар турнирі аяқталды. Қазақстанның 16 жасқа дейінгі футболшылар құрамасы соңғы ойында Өзбекстанмен тең ойнап, жарысты 0:0 есебімен аяқтады.

Қазақстан мен Өзбекстан құрамалары Шымкентте кездесті (ВИДЕО)
sports.kz

Қазақстан U-16 құрамасы үшін бұл турнирдегі екінші тең нәтижесі болды. Бұған дейін де отандастарымыз Тәжікстанмен 0:0 ойнап, Беларусьтен 2:4 есебімен жеңілген еді.

Турнирдің соңғы күнінде өткен тағы бір кездесуде Беларусь құрамасы Тәжікстанды 6:1 есебімен ойсырата жеңді.

Жарыс 21–25 наурыз аралығында Шымкентте, БИИК футбол орталығының алаңдарында өтті.