
Лихтенштейн футбол федерациясының техникалық директоры Рене Паурич елдегі шынайы жағдайды ашық айтып берді.
Оның сөзінше, ұлттық құраманың құрамында тек бес кәсіби футболшы ғана бар, деп хабарлайды.
“Құрамамыздағы төрт ойыншы — Швейцарияның екінші дивизионында ойнайтын “Вадуц” клубының футболшылары. Ал қалғаны кәсіби деңгейде ойнамайды — біреулері оқиды, біреулері жұмыс істейді. Олар Швейцарияның бесінші және алтыншы лигаларында өнер көрсетеді. Яғни ешқайсысы футбол арқылы ғана күн көріп жүрген жоқ”, — деді Паурич.
Лихтенштейн футболшыларына ұлттық құраманың ойындарына қатысу үшін өз жұмыстары мен оқуынан арнайы демалыс алуына тура келеді.
“Оларда жылына бес апта еңбек демалысы болады. Соның көп бөлігін ұлттық құраманың шақыртуларына арнайды. Ал жеке демалысқа бір апта ғана қалады”, — деп түсіндірді техникалық директор.