ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ

"Барыс" тағы да қайсарлық танытпады (ВИДЕО)

"Барыс" Құрлықтық хоккей лигасында сегізінші ойында қатарынан жеңіліс тапты. 

Петерборда СКА-ға қарсы матч тағдырын бірінші кезеңде соғылған жалғыз шайба шешті. Бірақ "Барыстың" бас бапкері Ғалым Мәмбеталиев бұл жеңілістен соң команда құрдымға кетіп барады деген пікірмен келіспеді. 

"Біз өз гол соғатын мүмкіндіктерімізді пайдалана алмадық. Қарымта шабуылда қателікке бой алдырдық. Екінші, үшінші кезеңде керемет ойын өрнегін көрсетті. Жігіттер барын салып бақты. Алға ұмтылды. Жалпы ойын көңілден шықты", — деді Ғалым Мәмбеталиев. 

"Барыс" 17 желтоқсанда Мәскеуде "Динамоға" қарсы кездеседі. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
Материалда:

Пікірлер

Пікір қалдыру уақытша жабық.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.