Олимпиадаға іріктеу. Қазақстан хоккейшілері Словениядан басым түсті
Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы олимпиадаға іріктеу раунды аясында екінші матчын өткізді.
Словакияның Пьештяни қаласында қыздарымыз Словениямен бақ сынады. Кездесу 3:0 есебімен аяқталды.
Қазақстан турнирде алғаш рет жеңіске жетті. D тобындағы бірінші ойында Словакиядан айласын асыра алмаған.
Келесі матч Исландияға қарсы өтеді. Іріктеудің ақтық сынына өз тобында бірінші орын алған ұжым өтеді.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.