ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 21-тур

"Барыс" 12 матчқа созылған сәтсіз серияны әйтеуір үзді (ВИДЕО)

Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионатында "Барыс" новосибирсктің "Сібір" ұжымын қабылдады. 

Бірінші кезеңде командалар екі шайбадан соқты. Мұзайдын иелері құрамында Виктор Антипин мен Никита Сетдиков мергендігімен көзге түсті. Ал екіншісінде қонақтар алға шықты. Үшінші кезеңнің соңғы минутында Сетдиков дубль жасап, ойынды овертаймға созды. Қосымша уақытта Сетдиков хет-трик авторы атанып, "Барысқа" жеңіс сыйлады.

"Барыс" 31 қаңтарда омбының "Авангард" хоккейшілеріне қонаққа аттанады.

"Барыс" (Астана) — "Сібір" (Новосибирск) 4:3 ОТ (2:2, 0:1, 1:0, 1:0)

Шайбалар: 

1:0 — 09:05 Антипин (Жафяров).

1:1 — 10:41 Бутузов (Бек, Широков).

1:2 — 12:15 Гоголев.

2:2 — 16:21 Сетдиков (Бекетаев, Николишин).

2:3 — 33:30 Аланов (Белоусов).

3:3 — 59:34 Сетдиков (Старченко, Савицкий). 

4:3 — 61:02 Сетдиков (Старченко, Бекетаев).

Бұл туралы не ойлайсыз?
Материалда:

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.