ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 22-тур

Фаворит болған "Қайрат" өз алаңында сүрінді (ВИДЕО)

Алматылық футзал клубы жанкүйерлерін күтпеген нәтижемен таң қалдырды. 

Сенсациялық жеңіліс

Футзалдан Қазақстан чемпионатының плей-офф кезеңінің алғашқы жартылай финалында ел чемпионы атағына басты үміткер "Қайрат" сенсациялық түрде жеңіліп қалды. "Атырау" Алматыда 3:1 есебімен басым түсті.

Ойынның 5-минутында Рамазан Бисембайұлы есеп ашып, қонақтарды алға шығарды. 33-минутта Габриэл Оливейра нәтижені еселей түсті. "Қайрат" 38-минутта Алиссонның дәл соққысымен есепті қысқартқанымен 40-минутта Рамазан дубль жасап, "Атыраудың" жеңісін түбегейлі бекітті.

Серия тағдыры: кім келесі кезеңге өтеді?

Осылайша "Атырау" серияда 1:0 есебімен алға шықты. Айта кетейік, жартылай финал үш жеңіске дейін жалғасады. Келесі матч 8 маусымда тағы да Алматыда өтеді. Егер серия теңессе немесе "Атырау" тағы жеңіске жетсе, кемінде бір ойын Атырауда ұйымдастырылады.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.