Бразилияның әйгілі футбол клубы «Фламенго» жанкүйерлері мінген автобус Буэнос-Айреске жол тартқан сәтте ауыр жол апатына түсті.
O Globo басылымының дерегінше, оқиға 27 қазанда, Барра-Манса муниципалитеті маңындағы BR-116 тас жолының 282-шақырымында болған.
Автобус Либертадорес кубогының жартылай финалы аясындағы «Расингке» қарсы жауапты матчқа бара жатқан.
Алдын ала мәлімет бойынша, 46 жанкүйер зардап шеккен:
Автобус жүргізушісі мен тағы үш адамның жағдайы бастапқыда өте ауыр болғанымен кейін дәрігерлер олардың халін тұрақтандырған.
Жергілікті полицияның хабарлауынша, апатқа автобустың доңғалағының жарылуы себеп болған. Сол сәтте жүргізуші көлікті басқара алмай қалып, автобус аударылып кеткен.
«Фламенго» — Бразилиядағы ең ірі футбол клубтарының бірі әрі Кубок Либертадорестің көп мәрте жеңімпазы. Команда бұл маусымда финалға шығуға үмітті, алайда қайғылы оқиға жанкүйерлер мен футбол қоғамын дүр сілкіндірді.