Тарихта тұңғыш рет: Қысқы Олимпиадада алғашқы тоғыз дүркін чемпион пайда болды

Сарапшы, спорт журналисі

Норвегиялық шаңғышы Йоханнес Хёсфлот Клэбо Милан – Кортина-2026 Қысқы Олимпиадасында Норвегия құрамасының сапында эстафетада алтын алып, Қысқы ойындар тарихына жаңа рекорд жазды.

Тарихта тұңғыш рет: Қысқы Олимпиадада алғашқы тоғыз дүркін чемпион пайда болды
tv2.no

Клэбоның тарихи жетістігі қандай?

Эстафетадағы жеңістен кейін Клебо Қысқы Олимпиада ойындарының тарихындағы алғашқы тоғыз дүркін олимпиада чемпионы атанды. Бұл — бұрын-соңды ешбір қысқы олимпиада спортшысы қол жеткізбеген нәтиже.

Италиядағы Олимпиадада Клэбо бұған дейін-ақ бірнеше рет топ жарып үлгерген. Ол скиатлон, спринт, арақашықтыққа жеке старт жарыстарында чемпион атанып, кейін эстафетада тағы бір алтынды қоржынға салды.

9 алтын қайдан жиналды?

29 жастағы норвегиялықтың Олимпиададағы алтын медальдары үш Олимпиадаға бөлінеді:

  • Пхёнчхан-2018 — 3 алтын
  • Бейжің-2022 — 2 алтын
  • Милан – Кортина-2026 — 4 алтын

Осылайша Клэбоның Олимпиададағы алтын медаль саны 9-ға жетті.

Милан – Кортина-2026 Қысқы Олимпиада ойындары 2026 жылғы 22 ақпанға дейін жалғасады.