ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 21-тур

Қазақстанда Kids’ Athletics халықаралық бағдарламасы басталды

World Athletics қолдауымен іске қосылған жоба балалар мен жасөспірімдердің спортқа қызығушылығын арттыруға бағытталған.

Қазақстанда Kids’ Athletics халықаралық бағдарламасы басталды
Жеңіл атлетика федерациясы

Бағдарлама 4-14 жас аралығындағы балаларға арналған, еліміздің батыс өңірлерінен бастап кезең-кезеңімен енгізілетін болады.Жалпы Қазақстанның бес өңірінде жүзеге асырылмақ. Бірінші кезеңде Маңғыстау мен Атырау облыстарын, кейін Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Қызылорда облыстарын қамтиды.

Сондай-ақ жобаға жаттықтырушылар, дене шынықтыру мұғалімдері және еріктілер де қатысады. Балалар ойын арқылы негізгі қозғалыс дағдыларын дамытып, жеңіл атлетиканың түрлерімен танысады.

Kids’ Athletics деген не?

Kids’ Athletics ең ірі бұқаралық спорттық бағдарламалардың бірі, 2002 жылдан бері әлемде 100-ден астам елде іске асырылып, 13 миллионнан астам бала мен жасөспірімді қамтыған. Бағдарлама Алматыда сәтті жүзеге асырылуда, 2023 жылы жоба 31 мектепте 1000-нан астам баланың жеңіл атлетикамен тегін айналысуына мүмкіндік берді.

Kids’ Athletics дүниежүзілік жеңіл атлетиканы басқару ұйымының қолдауымен жүзеге асырылуда және балалар мен жасөспірімдердің жүйелі спортпен шұғылдануына бағытталған.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.