Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Ажар Асхат Азиада финалында күміс медаль иемденді

Қазақстандық дзюдошы Ажар Асхат Жапониядағы Азия ойындарында 70 келіге дейінгі салмақта күміс жүлдегер атанды.

Ажар Асхат Азиада финалында күміс медаль иемденді
el.kz

Финалда кіммен белдесті?

Қазақстандық дзюдошы алтын жүлде үшін кездесуде жапониялық Рин Маэдамен күш сынасты. Маэда иппонмен жеңіске жетіп, Азиада чемпионы атанды. Ал Ажар Асхат күміс медаль иеленді.

Бұл – Қазақстан дзюдошыларының бүгінгі финалдардағы қатарынан екінші жеңілісі. Бұған дейін Әділет Алмат та шешуші белдесуде қарсыласына иппонмен есе жіберген еді.

Финалға дейінгі жеңістер

Ажар Асхат ширек финалда тайваньдық Ляо Юй-Цзюнді иппонмен ұтты. Ал жартылай финалда моңғолиялық Анужин Уран-Улзийден басым түсіп, финалға жолдама алды.

30 қыркүйекте Қазақстан қоржынына Әбиба Әбужақынова (48 кг) мен Елдос Сметов (60 кг) күміс медаль салған.

1 қазанда Эсмигүл Құйылова (63 кг) қола жүлде иемденсе, Әділет Алмат (81 кг) пен Ажар Асхат (70 кг) күміс медаль жеңіп алды.

Азиада-2026 додасы 4 қазанда аяқталады.

Бұл туралы не ойлайсыз?