Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Азиада чемпиондары Мароккодағы әлем кубогына қатысады

Қазақстанның шпагамен семсерлесу құрамасы 15-18 қазан аралығында Касабланкадағы әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді.

Азиада чемпиондары Мароккодағы әлем кубогына қатысады
instagram.com/kazakhstan_fencing/

Жеке және командалық сында бақ сынайды

Касабланкадағы халықаралық турнирде ерлер мен әйелдер арасында жеке және командалық жарыстар өтеді. Қазақстан атынан ерлердің жеке сайысына 12, әйелдердің жекелей бәсекесіне төрт семсерші қатысады.

Ерлер арасындағы жеке турнирге мына семсершілер тіркелген:

  • Нұржан Абжанов;
  • Эльмир Әлімжанов;
  • Александр Федотов;
  • Алексей Касаткин;
  • Аңсар Қасен;
  • Руслан Құрбанов;
  • Богдан Лукин;
  • Кирилл Павлов;
  • Кирилл Проходов;
  • Ерлік Сертай;
  • Вадим Шарлаимов;
  • Георгий Тинников.

Әйелдердің жеке сайысында Владислава Андреева, Ирина Бакалдина, Софья Николайчук және Дарья Самоделкина ел намысын қорғайды.

Командалық жарыста кімдер өнер көрсетеді?

Ерлер құрамасының сапында Руслан Құрбанов, Кирилл Проходов, Ерлік Сертай және Вадим Шарлаимов бақ сынайды.

Әйелдер командасы Владислава Андреева, Ирина Бакалдина, Софья Николайчук және Дарья Самоделкинадан жасақталған.

2026 жыл ерлер құрамасы үшін ірі жеңістерге толы болды. Шпагамен семсершілер бір маусымда Азия чемпионатын, әлем чемпионатын және Азия ойындарын жеңіп алды.

Жапонияда өткен Азиадада қазақстандық команда алтын медаль иеленді. Ал Кирилл Проходов жекелей жарыста финалға дейін жетіп, күміс жүлде місе тұтты.

Бұл туралы не ойлайсыз?