Асаубаева Синдаровтың әлем чемпионы атағы үшін матчы алдында жазба жариялады
Швейцарияда өзбекстандық гроссмейстер Жавохир Синдаров пен үндістандық Гукеш Доммараджу әлем чемпионы атағын сарапқа салады.
Асаубаева турнир залы мен ашылу рәсіміне барды
Қазақстандық шахматшы Telegram арнасында ресми іс-шаралар мен қаладағы серуен кезінде түсірілген фотосуреттерін жариялады. Оның айтуынша, шешуші текетірес қарсаңындағы күндер оқиғаларға толы өткен.
"Женевадағы алғашқы күндер біршама қарбалас өтті. Турнир залына, баспасөз мәслихатына және ашылу рәсіміне бардық. Құрбыларыммен кездестім. Әрине, Мухиддинді суретке түсір деп әурелеп жүрмін. Одан онша фотограф шықпайды", — деп жазды Асаубаева.
Синдаров пен Гукештің матчы қашан өтеді?
Әлем чемпионы атағы үшін кездесу 24 қараша мен 12 желтоқсан аралығында Женевада өтеді. Жавохир Синдаров қазіргі әлем чемпионы, үндістандық Гукеш Доммараджуға қарсы ойнайды.
Матч бағдарламасында классикалық шахматтан 14 партия қарастырылған. Қарсыласынан бұрын 7,5 ұпай жинаған шахматшы жеңімпаз атанады.