Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Бибісара Асаубаева әлем чемпионатының ширек финалына өтті

Редактор Penalty.kz
31.12.2024, 10:34

Нью-Йоркте шахматтан әлем чемпионатының блиц түрінен жарыстардың бірінші күні аяқталды. Оның қорытындысында үздік 16 шахматшы анықталды. 

sputnik.kz
sputnik.kz

Бұл тізімде қазақстандық Бибісара Асаубаева да бар. Блицтен әлемнің екі дүркін чемпионы 1/4 финалға жолдама алды. Енді оған жартылай финалға өту үшін қытайлық Лэй Тинцзені жеңу қажет. 

Асаубаева алдын ала кезеңде 11 партия өткізіп, соның жетеуінде жеңіс тойлады. Сонымен қатар екі кездесуде ұтылып, екеуін тең нәтижемен аяқтады. 

Өкінішке қарай қалған шахматшыларымыз ТОП-16 тізімінен тыс қалды. 

Ашық блицтің финалдық сегіздігінде әлем чемпионы атағы үшін екі дүркін үміткер — Ян Непомнящий, қазіргі чемпион Магнус Карлсен, АҚШ чемпионы — Фабиано Каруана, американың жетекші шахматшысы Уэсли Со, Алиреза Фируджа, Ханс Ниманн, Ян-Кшиштоф Дуда және рапидтен әлемнің жаңа чемпионы— Володар Мурзин бар. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір