Флойд Мейвезерден 175 миллион доллар ұрланды

Жекпе-жек шолушысы

Аңыз боксшының аты ірі қаржылық дауға байланысты аталды.

Флойд Мейвезерден 175 миллион доллар ұрланды
instagram/@floydmayweather

Мейвезер бұрынғы менеджерін сотқа берді

Complex басылымының мәліметінше, Мейвезер өзінің бұрынғы қаржы менеджері Джона Рехницке қарсы сотқа шағым түсірген. Боксшы оны бірнеше жылға созылған алаяқтық схема арқылы 175 миллионнан астам доллар мен активті иемденді деп айыптауда.

Сот материалдарында Рехниц боксшының қаржысына бақылау орнатып, рұқсатсыз банк аударымдарын жасаған. Сонымен қатар күмәнді инвестициялық келісімдер, зергерлік бұйымдар және жылжымайтын мүлікке қатысты операциялар арқылы спортшының қаражаты сыртқа шығарылғаны айтылған.

Талап арызда Мейвезердің жалпы құны шамамен 100 миллион долларға бағаланған зергерлік бұйымдары небәрі 13 миллион долларға кепілге қойылғаны көрсетілген. Бұдан бөлек, боксшыға тиесілі жеке ұшақтың меншік құқығы оның хабарынсыз басқа адамға рәсімделген болуы мүмкін.

Қанша өтемақы талап етіп отыр?

Флойд Мейвезер сот арқылы кемінде 175 миллион доллар көлемінде өтемақы өндіріп алуды көздеп отыр.

Айта кетейік, Флойд Мейвезер әлемдік бокс тарихындағы ең табысты әрі ұлы спортшылардың бірі саналады. Ол кәсіпқой мансабында 50 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Америкалық боксшы бес салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанып, мол табысы мен сән-салтанатты өмір салты үшін Money деген лақап атқа ие болған.