Дастан Сәтпаев мектеп бітірді (ВИДЕО)
Жуырда ғана 17 жастағы қазақстандық футболшы Дастан Сатпаев Қазақстандағы жоғарғы оқу орындарының бірінде оқу үшін арнайы академиялық грантқа ие болған еді.
Қазақ футболының жарық жұлдызы Дастан Сатпаев мектеп бітірді. 17 жастағы футболшы бүгін соңғы қоңырау шарасына қатысты.

Жуырда ғана 17 жастағы қазақстандық футболшы Дастан Сатпаев Қазақстандағы жоғарғы оқу орындарының бірінде оқу үшін арнайы академиялық грантқа ие болған еді. Оны Дастан Сатпаевқа Қазақстан спорт және туризм академиясының президенті Қайрат Закирянов тапсырған болатын.
Естеріңізге сала кетейік, "Қайрат" клубының ойыншысы биыл тамызда яғни 18 жасқа толғанда Лондонға аттанып, "Челси" сапына қосылуы тиіс.
Ерте басталған футбол жолы
Футболмен 9 жасынан бастап айналысқан Дастан 2017 жылдан бастап "Қайрат" академиясының жүйесінде тәрбиеленіп келді. 2008 жылы Алматыда дүниеге келген шабуылшы 16 жасында-ақ ел чемпионы "Қайратns4" негізгі құрамында көзге түсіп, ұлттық құрамада дебют жасаған ең жас футболшылардың біріне айналды.
Жетістіктері
- Суперкубок иегері: 2025 (Қайрат)
- Қазақстан U17 құрамасы: 10 матч, 4 гол
- Қазақстан ұлттық құрамасы: 4 матч (2025 ж. маусым айындағы дерек бойынша)
- Премьер-лигадағы алғашқы гол: “Астана” қақпасына, 2025