Қазақстан құрамасы
Қазақстан құрамасы Молдовадан екінші рет жеңілді
Футболдан Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар лигасының бесінші турында Молдоваға есе жіберді.
Отандық дзюдо жұлдызы Загребте сенсациялық жеңіліске ұшырады
Әлем чемпионаттарының үш дүркін жүлдегері Әбиба Әбужақынова Загребтегі Гран-при турниріндегі алғашқы белдесуінде күтпеген жерден жеңіліп қалды.
Молдова – Қазақстан: Ұлттық құрама қарымта қайтара ала ма?
Алғашқы ойында Қазақстан құрамасы күтпеген жерден 1:2 есебімен жеңіліп қалған еді.
"Ордабасы" Рамазан Оразовты қатарына қоспақ
Рамазан Оразов қазіргі таңда Семейдің "Елімай" клубында өнер көрсетеді.
Қазақстандық боксшы Дакардағы жарыста жеңілсе де жүлдеге ілікті
Марал Төлепберген жасөспірімдер Олимпиадасында қола жүлде жеңіп алды.
Қазақстан U-19 құрамасы Еуро іріктеуін жеңіліспен бастады
Футболдан Қазақстанның 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы Еуро-2027 іріктеуінің екінші кезеңіндегі алғашқы матчта Шотландияға 1:3 есебімен есе жіберді.
Дакарда Қазақстанның екінші боксшысы финалға өтті
Бейбарыс Әшірбай Дакардағы жасөспірімдер Олимпиадасы-2026 турнирінің жартылай финалында мексикалық қарсыласын жеңді.
Давид Лория әкесіне қатысты іс бойынша мәлімдеме жасады
Қазақстанның Қаржылық мониторинг агенттігі "Қызыл-Жар СҚ" клубының бұрынғы президенті Григорий Лорияны мемлекетаралық іздеуге жариялаған еді.
Matchday: Молдова мен Словакияны қалай жеңбекпіз?
Ұлттық құрама сырт алаңда Молдоваға қарсы ойнаса, кейін өз алаңында Словакияны қабылдайды.
Қазақстан құрамасы Беларуське қарсы матчта бес гол жіберді
Екі матчтан кейін Какау шәкірттерінің еншісінде 3 ұпай бар.
Қазақстан кураштан әлем чемпионатында үш алтын жеңіп алды
Қазақстан құрамасы кураштан Астанадағы әлем чемпионатын 11 медальмен аяқтады.
Жасұлан Әмірге португалиялық топ-клубтың көзі түсті
Жасұлан Әмір 2026 жылғы маусымда "Ордабасы" сапында 34 матч өткізіп, 11 гол соқты және 6 нәтижелі пас берді.
Қазақстан жасөспірімдер Олимпиадасында бокстан алғашқы медаль иеленді
57 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін қазақстандық спортшы Ақнұр Тұрсынғали ширек финалда Сенегал өкілі Хадидиату Бойромен кездесті.
Абат Айымбетовке қатысты тың ақпарат шықты
Қазақстан құрамасының бұрынғы шабуылшысы Абат Айымбетов "Ақтөбеден" кетуі ықтимал.
Дастан Сәтпаев неге жарақат ала береді? Смақов өз болжамын айтты
Қазақстан құрамасының бұрынғы капитаны Самат Смақов Дастан Сәтпаевтың жиі жарақат алуына шамадан тыс ойын жүктемесі әсер еткен болуы мүмкін деп санайды.
Қазақстандық самбошылар әлем чемпионатының соңғы күнінде төрт жүлде жеңіп алды
Жарыстың соңғы күні Қазақстан ұлттық құрамасы 3 күміс, 1 қола жүлдеге ие болды.
Қазақстан құрамасының шабуылшысы шетелдік клубтардың назарына ілікті
Қазақстандық форвард осы қыста команда ауыстыруы мүмкін деген ақпарат бар.
Ауыр атлетшілер әлем чемпионатында нәтижесін жақсартты
Қытайдың Нинбо қаласында ауыр атлетикадан әлем чемпионаты мәресіне жетті.
Қазақстан хоккейден үшінші рет Азия чемпионы атанды
Отандастарымыз Оңтүстік Кореяның Чонджу қаласында өткен шешуші кездесуде мұзайдын иелерін буллиттер сериясында жеңіп кетті.
Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында Қытайды тас-талқан етті
Хоккейден Қазақстан құрамасы 2027 жылғы Азия чемпионатындағы екінші кездесуінде Қытайды 5:0 есебімен ойсырата жеңді.