Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Сабыржан Аққалықов

Сабыржан Аккалыков орысшаSabirzhan Akkalykov латынша

Сабыржан Аққалықов — қазақстандық әуесқой боксшы, 2026 жылғы Азия чемпионы. Ол 2025 жылы Дубайда өткен IBA әлем чемпионатында 75 кг салмақта күміс медаль алды. 2021 жылы жастар арасындағы әлем чемпионы атанды.

Спорт түрі
Әуесқой бокс
Туған жері
Қарағанды қаласы
Әлем чемпионаты
Күміс жүлде, IBA әлем чемпионаты, 2025
Азия чемпионаты
Чемпион, Ұланбатыр, 2026
Жастар әлем чемпионаты
Чемпион, 2021
22 жасқа дейінгі Азия чемпионаты
Чемпион, 2024

Анықтама Уикипедия бойынша: Sabirzhan Akkalykov, Сабыржан Аққалықов

Жекпе-жек

«Бүгін чемпионсың, ертең жай қатысушы»: ӘЧ-нан ұшып кеткен Сабыржан Аққалықов жүрекжарды жазба жариялады

Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық боксшы Сабыржан Аққалықов алғашқы жекпе-жегінде қарсыласына есе жіберіп, жарысты ерте аяқтады. Жеңілістен кейін спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялап, өзін сынағандарға жауап қатты.

Жекпе-жек

Қазақстандық әлем чемпионы Ливерпульмен қош айтысты

Ливерпуль қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында қазақстандық жанкүйерлер үшін күтпеген нәтиже көрсетті. Жастар арасында әлем чемпионы атанған Сабыржан Аққалыков турнирді ерте аяқтады.

Жекпе-жек

Қарағандылық әлем чемпионын залдан қуып шықты

Жастар арасында бокстан әлем чемпионы, жуырда әлем кубогы кезеңінде топ жарған Сабыржан Ақхалықов жаттығу жасай алмай жүргенін айтып, жанайқайын жеткізді.

Жекпе-жек

Сабыржан Ақхалыков Астанадағы финалда болгариялықты тас-талқан етіп, алтын медаль жеңіп алды (ВИДЕО)

Әлем чемпионы Сабыржан Ақхалыков World Boxing кубогының финалында қарсыласын толық басымдықпен жеңді. 

Жекпе-жек

Қазақстандық чемпион финал жолдамасын жұлып алды (ВИДЕО)

Сабыржан Ақхалыков 75 келіге дейінгі салмақта үндістандық Нихил Дюбеймен жұдырықтасып, төрешілердің 3:2 есебімен оң шешімімен финалға жолдама алды.

Жекпе-жек

Сабыржан Ақхалықов әлем кубогында жарқын камбэк жасады (ВИДЕО)

Қазақстандық былғары қолғап шебері Сабыржан Ақхалықов Астанада өтіп жатқан World Boxing әлем кубогының ширек финалында жарқын жеңіске жетіп, кемінде қола жүлдеге ілікті. 

Жекпе-жек

Серік Сәпиев Олимпиада чемпионын тоқтатқан қазақстандық боксшыға ерекше лебізін білдірді

Лондон Олимпиадасының чемпионы Серік Сәпиев Эйндховенде (Нидерланды) өткен халықаралық турнирде жарқ еткен қазақ боксшыларын құттықтады.

Жекпе-жек

Қазақстандық әлем чемпионы Эйндховендегі алғашқы жекпе-жегінде үстемдік танытты (ВИДЕО)

Жастар арасындағы әлем чемпионы Сабыржан Ақхалықов Нидерландының Эйндховен қаласында өтіп жатқан Eindhoven Box Cup-2025 халықаралық турниріндегі алғашқы жекпе-жегін сәтті өткізді.