Қазақстандық әлем чемпионы Ливерпульмен қош айтысты

Сарапшы, спорт журналисі

Ливерпуль қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында қазақстандық жанкүйерлер үшін күтпеген нәтиже көрсетті. Жастар арасында әлем чемпионы атанған Сабыржан Аққалыков турнирді ерте аяқтады.

Қазақстандық әлем чемпионы Ливерпульмен қош айтысты
Instagram/@boxingkazakhstan

1/8 финалдағы айқас

75 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Аққалыков қарсылас ретінде украиналық Павел Иллюшамен қолғап түйістірді. Жекпе-жек тартысты өткеніне қарамастан төрешілердің бөлек шешімі бойынша жеңіс Иллюшаға берілді.

Осылайша украиналық боксшы Павел Иллюша ширек финалға жолдама алып, медаль үшін күресін жалғастырады. 

Айта кетейік, Аққалыков 2021 жылы жастар арасында әлем чемпионы атанған. 

World Boxing ұйымының тұңғыш әлем чемпионаты

Ливерпульдегі бұл турнир – World Boxing ұйымы ұйымдастырып отырған ересектер арасындағы алғашқы әлем чемпионаты. Жаңа құрылым аясындағы дода бокс әлемінде тарихи қадам ретінде қабылдануда.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 2
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір