Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Қазақстан құрамасының капитаны түрік қарсыласын есеңгіретті (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
09.09.2025, 02:33

Бокстан Ливерпульдегі әлем чемпионатында ұлттық құрама капитаны, екі дүркін Азия чемпионы Айбек Оралбай алғашқы жекпе-жегінде қарсыласын ойсырата жеңді. 

Instagram/@boxingkazakhstan
Instagram/@boxingkazakhstan

Сенімді жеңіс

90 келіден жоғары салмақ дәрежесінде сынға түскен Оралбай түркиялық Ильяс Мүджахитпен рингке шықты. Жекпе-жек барысында қазақстандық боксшы толық үстемдік танытып, төрешілер бірауыздан 5:0 есебімен жеңісті Оралбайға берді.

Ширек финалға жол және медальға қадам

Бұл нәтижеден кейін Айбек Оралбай әлем чемпионатының ширек финалына шықты. Ол бұл кезеңде хорватиялық Лука Пратляньичпен қолғап түйістіреді.

Айта кетейік, Оралбай 2022 және 2024 жылдары Азия чемпионы атанған. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір