Қазақстандық теннисші US Open-2025 турнирінде кезекті сенсация жасады
Заңғар Нұрланұлы АҚШ-та өтіп жатқан US Open-2025 жарысында сенсация жасап, жартылай финалға жолдама алды. 17 жастағы теннисші бірінен соң бірін бірнеше фаворитті жарыстан шығарды.
baq.kz
Ширек финалда ресейлікті ойсырата ұтты
Нұрланұлы ширек финалда ресейлік Тимофей Дерепаскомен кездесті. Қарсыласы турнирдің 13-нөмірлі саналғанына қарамастан қазақстандық теннисші матчты сенімді түрде аяқтады — 6:2, 6:4.
Заңғар турнир барысында бірнеше мықты қарсыласын жарыстан шығарды:
- польшалық Аллан Важны (12-нөмірлі) — 6:4, 6:4;
- финляндиялық Оскари Палданиус (6-нөмірлі) — 3:6, 6:1, 6:2.
Бұл нәтижелер Заңғардың тек күтпеген жеңіс емес, нағыз жүйелі ойын көрсетіп жүргенін дәлелдеді.
Келесі қарсылас және турнирдің фавориті
Жартылай финалда Нұрланұлының қарсыласы әлі анықталған жоқ. Дегенмен сарапшылар US Open-2025 басты фавориті ретінде болгариялық Иван Ивановты атап отыр.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet