Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Қазақстан спортының жас жұлдызы Оңтүстік Кореяда жеңіске жетті

Сарапшы, спорт журналисі

17 жастағы теннисшіміз Занғар Нұрланұлы Оңтүстік Кореяда өткен халықаралық турнирде қарсыластарын бірде-бір сетте жол бермей жеңіп, алтыншы ITF титулын иеленді.

Қазақстан спортының жас жұлдызы Оңтүстік Кореяда жеңіске жетті
Azattyq-ruhy.kz

Қазақстандық теннис жанкүйерлері үшін қуанышты жаңалық! Ел намысын халықаралық аренада қорғап жүрген жас спортшы Заңғар Нұрланұлы Оңтүстік Кореяның Чхунчхон қаласында өткен ITF Juniors J200 санатындағы турнирдің жеңімпазы атанды.

Әлемдік жасөспірімдер рейтингінде 25-орында тұрған Нұрланұлы бұл жарысқа бірінші ракетка ретінде қатысып, өз деңгейін толық дәлелдеді.

Финалда ол жергілікті теннисші Мин Хук Чоға қарсы ойнап, 6:3, 6:4 есебімен сенімді жеңіске жетті.

Ең әсерлісі – Занғар турнир бойы бірде-бір сетте жеңілмеген. Бұл оның тұрақтылығы мен психологиялық дайындық деңгейінің жоғары екенін көрсетеді.

Фактілер мен статистика:

Бұл жеңіс — Нұрланұлының алтыншы ITF титулы. Бұған дейін ол мынадай турнирлерде топ жарған:

  • J100 Aizkraukle (Латвия)
  • J200 Shymkent (Қазақстан)
  • J100 Izmir (Түркия)
  • J30 Tsaghadzor (Армения)
  • J30 Trnava (Словакия)

Осы жетістіктердің арқасында жас теннисші қазір Азия мен әлемнің ең мықты жас ойыншыларының бірі ретінде танылып келеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір