Рыбакина мен Мухова финалда Porsche автокөлігіне таласпақ
Ойын Штутгартта өтіп жатқан ірі турнир аясында өтеді.
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Штутгартта өтіп жатқан ірі турнирдің жартылай финалында ресейлік Мирра Андрееваны екі сетте жеңді. Енді отандасымыз финалда чех спортшысы Каролина Муховамен кездеседі.
Жартылай финал қалай өтті?
Жартылай финалда Рыбакина мен Андреева арасындағы матч 7:5, 6:1 есебімен аяқталды. Ресейлік теннисші бірінші сетте ғана қарсылық көрсете алды. Рыбакина ойын барысында 7 мәрте эйс орындап, төрт рет брейк жасады.
Финал қашан өтеді?
Финалдық ойында жеңімпаз атанған теннисшіге люкс санатындағы Porsche автокөлігінің кілті тапсырылады. Финал 19 сәуір, жексенбі күні өтеді.
12 турнирдің жеңімпазы атанып үлгерген Рыбакина үшін бұл мансабындағы 25-финал болғалы тұр.
Мухова мен Рыбакина бұған дейін үш мәрте кездескен. Солардың екеуінде чех теннисшісі жеңіске жеткен.