ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ

Михаил Кукушкин Франциядағы турнирдің ширек финалына өтті

Отандасымыз екінші айналымда жергілікті теннисшіден басым түсті. 

Михаил Кукушкин Франциядағы турнирдің ширек финалына өтті
Vesti.kz

Әлемнің 111-ші ракеткасы Михаил Кукушкин Брессюир (Франция) челленджер турнирінің ширек финалына шықты. 

Жарыстың 6-шы ракеткасы болып белгіленген Кукушкин екінші айналымда франциялық Грегуар Баррерді ойсырата жеңді. Қорытынды есеп – 6:1, 6:3.

Енді жерлесіміз жартылай финалға шығу үшін рейтингіде 199—шы орында тұрған ресейлік Алибек Качмазовпен күш сынасады. 

Жуырда ғана Алматы ATP 250 турнирінің іріктеу сайысында Кукушкин Качмазовты 6:1, 6:2 есебімен жеңген еді.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір қалдыру уақытша жабық.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.