Желіде Елена Рыбакина түскен бейнежазба тарап жатыр (ВИДЕО)
Оны қазақстандық теннисшінің жанкүйерлік аккаунты жариялады.
Елена Рыбакинаның жанкүйерлік аккаунты Sebastien G Х әлеуметтік желісінде теннисшінің WTA турниріне дайындығы түсірілген видео жариялады.
«Елена Рыбакина мен оның командасының соңғы күндердегі спорт залындағы, корттағы және физиотерапевтпен бірге дайындық сәттері. Тамаша видео», — деп жазады автор.
Бейнежазбада Қазақстанның үздік теннисшісі жаттығу залында түрлі жаттығулар жасап, корттағы дайындықтарын көрсетеді.
Еске салсақ, Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтетін қорытынды турнир 2-9 қараша аралығында өтеді. Турнирде Елена Рыбакинаның (WTA рейтингінде 5-орын) алғашқы қарсыласы италиялық Жасмин Паолини (4-орын) болады.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.