ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 23-тур

Өзбекстандық Олимпиада чемпионы қарсыласын нокдауннан кейін нокаутқа түсірді (ВИДЕО)

Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өткен WBC Гран-при турнирінде Өзбекстанның Олимпиада чемпионы Лазизбек Муллажонов ауыр салмақта кезекті жеңісіне жетті.  

Өзбекстандық Олимпиада чемпионы қарсыласын нокдауннан кейін нокаутқа түсірді (ВИДЕО)
instagram/@lazizbekmullojonov

Лазизбек Муллажонов (6-0, 6 KO) 1/8 финал кезеңінде панамалық боксшы Марвин Мендосамен (6-2-1, 1 KO) қолғап түйістірді. Алты раундқа жоспарланған жекпе-жек уақытынан бұрын аяқталды. 

Муллажонов 2-раундта қарсыласын нокдаунға түсірді. Ал 3-раундта төреші жекпе-жекті тоқтатып, техникалық нокаутпен өзбек боксшысының жеңісін тіркеді.

Бұл жеңіспен Лазизбек Муллажонов өзінің жеңіліссіз сериясын 6 жекпе-жекке жеткізді. Оған қоса барлық жеңісі нокаутпен аяқталған. Ал Марвин Мендоса үшін бұл екінші кәсіби жеңіліс болды.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.