ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 23-тур

UFC жұлдызы Камерунда 17 жастағы қызды қағып өлтірді

UFC-дің ауыр салмақтағы экс-чемпионы, қазір PFL ұйымының файтері Фрэнсис Нганну Камерунда мотоцикл тізгіндеп, 17 жастағы қызды қағып кетті. Өкінішке қарай, жаяу жүргінші ауыр жарақаттардан көз жұмды. 

UFC жұлдызы Камерунда 17 жастағы қызды қағып өлтірді
disgustingmen.com

Ағымдағы мәліметтерге сәйкес, соқтығысу өте қатты болған. Бірақ Фрэнсис Нганну оқиға орнынан қашып кетпей зардап шеккен қызға бірден көмектесуге ұмтылып, оны өз қолымен ауруханаға жеткізген. Дәрігерлер шұғыл операция жасағанымен Нтсама Брижит Мануэлланың өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.

Фрэнсис Нганну болған қайғылы жағдайдан кейін ауыр күйзелісте жүргені хабарланды. Ол медициналық шығындардың барлығын өз есебінен өтейтінін мәлімдеді.

Алайда оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалатыны немесе қозғалмайтыны туралы ресми ақпарат әзірге жарияланған жоқ.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.