
Қазақстандық танымал боксшы Ангелина Лукас (14-1, 7 KO) қала көшелерінде жаңа стилімен көзге түсті.
Ангелина Лукас өзінің Instagram парақшасында нәзік әрі әйелдік образдағы видеосын жариялады. Жазбада спортшы:
“Ешкім мені боксшы деп ойлап қалмасын деп осындай образ таңдадым”, — деп жазған.
Жаңа имиджімен Лукас спорттық аренадағы қайсарлығынан бөлек, сұлулығы мен талғампаздығын да көрсете алды.
Айта кетейік, жақында 28 жастағы қазақстандық боксшы ең жеңіл салмақтағы әлемдік рейтингте үшінші орыннан екінші орынға көтеріліп, осы салмақ дәрежесіндегі абсолютті чемпиондық белбеу үшін басты үміткер атанды.
Лукастың соңғы жекпе-жегі 2025 жылдың ақпанында өтті, онда ол Боливиядан келген Есения Токоны (1-1, 0 KO) екінші раундта-ақ мерзімінен бұрын жеңген еді.