Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Болат Заманбеков пен Мұхаммад Мокаев көз арбасты (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстандық файтер Болат Заманбеков пен Ұлыбритания өкілі Мұхаммад Мокаев Karate Combat 54 турнирі аясында көз арбасу рәсімін өткізді. 

Болат Заманбеков пен Мұхаммад Мокаев көз арбасты (ВИДЕО)
Instagram /@ufc.qz

Болат Заманбеков пен Мұхаммад Мокаев арасындағы шайқас 2 мамыр күні өтеді. Жекпе-жек 61 келі салмақ дәрежесінде ұйымдастырылады. Айта кетейік, қос спортшы әдетте аралас жекпе-жекте (ММА) 57 келіде өнер көрсетеді. Алайда бұл кездесудің нәтижесі олардың ресми ММА статистикасына енгізілмейді.

Karate Combat — толық контактты каратэ лигасы. Бұл ұйым алғаш рет Дубайда құрылып, алғашқы турнирін 2018 жылы Венгрияда өткізген. Лиганың ерекшелігі — жекпе-жектер ашық алаңда, заманауи технологиялармен безендірілген ареналарда өтеді.

UFC-дің бұрынғы чемпиондары — Энтони Петти, Бенсон Хендерсон, Алджамейн Стерлинг және Люк Рокхолд секілді жұлдыздар да Karate Combat турнирлерінде бақ сынаған.

Қазақстан атынан бұл лигада алғаш болып Мария Агапова өнер көрсетті. UFC-де өнер көрсеткен бұрынғы файтер 2024 жылдың мамыр айында 17 жастағы америкалық бразилиялық джиу-джитсу шебері Хелен Креварға небәрі 30 секунд ішінде жеңілді. Хелен Кревар бүгінде аралас жекпе-жек әлемінде жарқырап келе жатқан жас талант ретінде мойындалған. 

Бұл туралы не ойлайсыз?

👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір