Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Қазақстандық боксшы Азия чемпионатының финалында қарсыласын ойсырата жеңді (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
29.04.2025, 17:42

Иорданияда 15-17 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында World Boxing ұйымының құрлықтық чемпионатының финалдық жекпе-жектері өтіп жатыр. 

instagram/@boxingkazakhstan
instagram/@boxingkazakhstan

Финалдық кездесуде қазақстандық Шыңғыс Ахметов пен ирандық Мортеза Рахими қолғап түйістірді. Бастапқы раундтан-ақ Ахметов өзінің бой мен қол ұзындығының артықшылығын ұтымды пайдаланды. Ол қарсыласынан әлдеқайда жылдам әрі шапшаң қимылдап, классикалық қос соққыдан кейін шеберлікпен шегініп, таза бокс стилінде өнер көрсетті. Барлық төреші бірінші раундты бірауыздан қазақстандықтың пайдасына берді.

Екінші раундта айқас біршама шиеленісті. Ирандық боксшы шабуылдауға тырысты. Бірақ Шыңғыс Ахметов шабуыл шебінен дер кезінде сырғып шығып, қарсы соққылармен жауап беріп отырды. Қорғаныс пен қарсы шабуылдағы сауатты жұмыс раундтың тағдырын қайтадан Ахметовтың пайдасына шешті.

Үшінші раундта Шыңғыс қозғалысын біршама бәсеңдетіп, қарсыласынан қашықтық сақтай отырып өнер көрсетті. Оның ұзын қолдары Мортеза Рахимидің шабуыл жасауына мүмкіндік бермеді. Ирандық спортшы Шыңғысты жақындата алмады. Нәтижесінде төрешілер бірауыздан жеңісті Шыңғыс Ахметовке берді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір