
Жекпе-жек Дубайда Karate Combat 54 турнирі аясында өтеді.
Бүгін Дубайда Karate Combat 54 лигасының кезекті турнирі өтеді. Кештің басты жекпе-жектерінің бірі – қазақстандық файтер Болат Заманбеков пен Ұлыбритания өкілі Мұхаммад Мокаев арасындағы айқас болмақ.
Қазақстандық жекпе-жек шебері Болат Заманбеков бұған дейін:
Ол толықконтактті карате стилінде өзін дәлелдеп үлгерген, төзімділігімен және шабуылдаушы тактикасымен ерекшеленеді.
Жекпе-жек Заманбеков үшін оңай болмақ емес. Оның қарсыласы – Мұхаммад Мокаев, бұрынғы BRAVE чемпионатының чемпионы әрі UFC белбеуіне үміткер. Мокаев – күрес техникасы мен жылдамдығымен танымал мықты қарсылас.