Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Абиба Әбужақынова өзбек дзюдошысын тізе бүктірді (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
02.05.2025, 17:48

Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Абиба Әбужақынова Тәжікстан астанасы Душанбеде өткен Grand Slam халықаралық турнирінде ел қоржынына алғашқы жүлдені салды. Ол 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, қола медаль жеңіп алды.

Жарысты сәтті бастаған Әбужақынова турнирдің жартылай финалына дейін сенімді жетті. Алайда бұл кезеңде ол Қытай спортшысы Вэньне Чжуаннан ұтылып қалды.

Дегенмен, жүлде үшін күресті тоқтатпаған отандасымыз үшінші орын үшін өткен шешуші белдесуде өз шеберлігін толық көрсете білді.

Қола жүлде үшін өткен белдесуде Абиба Өзбекстанның дзюдошысы Улбусин Хакимовамен татамиде жолықты. Белдесу барысында Абиба қарсыласын ұстау әдісімен тізе бүктіріп, мезгілінен бұрын жеңіске жетті.

"Абиба Әбужақынованың бұл жеңісі – оның тұрақты спорттық формасының және халықаралық аренадағы тәжірибесінің айғағы," — деп атап өтті дзюдо федерациясының өкілдері.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 6
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір