Ұлттық құраманың белді боксшысы мансабын аяқтады

Сарапшы, спорт журналисі

Ермахан Жақпеков спорттағы жолын мәжбүрлі түрде аяқтайтынын мәлімдеді.

Ұлттық құраманың белді боксшысы мансабын аяқтады
instagram/@zhakpekov17

"Бұл — соңғы раунд емес, жаңа өмірдің бастауы" 

Бұл туралы боксшы өзінің Instagram парақшасында жазды

"Өмір әрқалай сынайды.Бокс мансабымды аяқтаймын. Жарақат тоқтауға мәжбүрледі.

Бокс — менің өмірімнің үлкен бөлігі болды. Маған күш, тәртіп, мінез және адал жандар сыйлады. Әр раунд, әр тамған тер, әр шыққан рингім — мен үшін мақтаныш. Сенім артқандарға, жеңісте де, жеңілісте де жанымда болғандарға алғыс айтамын.

Бұл — соңы емес, жаңа бетбұрыс. Жекпе-жек енді рингтен тыс жалғасады", – деп жазды Жақпеков.

Мансабындағы жетістіктері

Ермахан Жақпеков 80 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен мықты боксшы. Оның маңызды жетістіктері:

  • Eindhoven Box Cup-2025 (Нидерланды) халықаралық турнирінің чемпионы;
  • 2024 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері;
  • Қазақстанның екі дүркін чемпионы;
  • Азияның жастар арасында (U22) екі дүркін чемпионы;
  • 2018 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері (Будапешт, Венгрия).
Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 7
👎 0
😂 0
😡 1
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір