Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Шавкат Рахмоновтың отбасы жол апатына ұшырады: екі адам қаза тапты

Редактор Penalty.kz
Бүгін, 03:40

UFC жұлдызы, қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновтың жұбайы — Гүлайым Рахмонова жол-көлік оқиғасына тап болды.

фото: ашық дереккөздерден алынған
фото: ашық дереккөздерден алынған

Апат  27 шілде  Жамбыл облысының Алматы — Екатеринбург тас жолының 296-шақырымында, Ақсуйек ауылының маңында тіркелген, деп хабарлайды Offside.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, Toyota Land Cruiser көлігін басқарған Гүлайым Рахмонова рульге ие бола алмай, автокөлік бірнеше рет аударылып кеткен.

фото: ашық дереккөздерден алынған

Қайғылы апат салдарынан екі әйел көз жұмды

Бейресми ақпаратқа сүйенсек, жол апаты болған сәтте көлікте Гүлайым Рахмонова, 2022 жылы туған ұлы және екі құрбысы болған. Оқиға орнында 39 жастағы З.А. көз жұмды, ал 35 жастағы А.С. Мойынқұм аудандық ауруханасына жеткізілу кезінде қайтыс болды.

Шавкаттың жұбайы мен ұлы ауруханада

Гүлайым Рахмонова мен ұлы Шу қалалық ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлер олардың жағдайын орташа ауырлықта деп бағалап отыр.

«Ота қажет емес. Пациенттер динамикалық бақылауда», — делінген Шу қалалық ауруханасының травматология бөлімшесінің мәлімдемесінде.

Аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы ("Жол жүрісі ережелерін бұзу, екі немесе одан да көп адамның өліміне әкелу") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу аясында қосымша ақпарат әзірге жарияланбай отыр.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір