
Америкалық UFC файтері Энтони Эрнандес орта салмақта жаңа чемпион атанған Хамзат Чимаевқа қарсы жекпе-жек өткізгісі келетінін мәлімдеді.
Өткен түнде Хамзат Чимаев Дрикус Дю Плессиді тізе бүктіріп, UFC орта салмағында жаңа чемпион атанды. Бұл жекпе-жек MMA жанкүйерлерінің басты назарында болды.
Энтони Эрнандес қарсыласын құттықтай отырып, Чимаевтың жеңісін “іш пыстырар” деп атады:
“Хамзатты жеңісімен құттықтаймын, бірақ жекпе-жек өте қызықсыз өтті. Мен дайынмын. Мен күресе аламын және оның бар айласын тоқтата аламын. Мен Чимаевты тықсыра аламын. Менің шыдамдылығыммен оны шаршатамын. Сондықтан мені ұмытпаңыздар”, – деді Эрнандес Карлос Легаспиге берген сұхбатында.
Энтони Эрнандес (15-2) өзінің соңғы кездесуінде грузиялық Роман Долидзені (15-4) қылқындыру әдісімен жеңген болатын. Бұл жеңіс оның рейтингтегі жағдайын нығайтып, Чимаевқа қарсы жекпе-жекке лайық үміткерлердің қатарына қосты.