
Қазақстандық еркін күрес шебері Едіге Қасымбек Болгарияның Самоков қаласында жастар арасындағы (U20) әлем чемпионатында сенсация жасады.
125 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалда Қасымбек Иранның мықты балуаны Аболфазл Мохаммад Нежадпен белдесіп, 4:1 есебімен айқын жеңіске жетті. Осылайша қазақстандық балуан әлем чемпионы атанып, қарсыласы күміс жүлдегер болып қалды.
Едіге Қасымбек турнир барысында бірінен соң бірін мықтыларды жеңіп, финалға дейін жетті: