Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

"Санжар Тәшкенбай Олимпиадаға қатыспайды": Тұрсынғали Еділов

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 16:30

Бокстан әлемнің екі дүркін чемпионы Санжар Тәшкенбайдың алдағы спорттық мансабына қатысты жаңа ақпарат жарияланды.

"Санжар Тәшкенбай Олимпиадаға қатыспайды": Тұрсынғали Еділов
Санжар Ташкенбай. Фото: ҚБФ

22 жастағы қазақ боксшысы 2023 жылы әлем чемпионатында 48 келі салмақта алтын медаль жеңіп алса, екі жылдан кейін 50 келіде осы бір жетістігін қайталады.

Алайда қазіргі таңда ол өнер көрсетіп жүрген салмақ дәрежесі Олимпиадалық бағдарламаға кірмейді. Халықаралық Олимпиада комитеті мен World Boxing ұйымының жаңа ережесіне сәйкес, Олимпиада медальдары үшін бәсекелестік 55 келіден басталады.

Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Тұрсынғали Еділов бұл жағдайға қатысты ойын білдірді:

«Өкінішті жағдай болды: Санжардың салмағын аяқ астынан олимпиадалық бағдарламаға қоспай тастады. Әлемнің талай мықты боксшылары басты додадан шет қалды! Менің ойымша, Санжардың 55 келіге өтуіне қажеті жоқ: ол жерде Махмұд Сабырхан бар, әрі Санжардың өзі де бұл салмақта толық ашыла алмайды. Сол өз салмағында қалып, қажет болса кәсіпқой боксқа ауысқан дұрыс. Бірақ міндетті түрде мансабын жалғастыруы қажет. Мүмкін, ол біздің ерлер арасындағы бокста тарихта тұңғыш рет үш дүркін әлем чемпионы атанар. Санжарда ондай мүмкіндік бар», - дейді Тұрсынғали Еділов.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір