Қазақстандық гүрзі жұдырықтының жекпе-жегі жылдам нокаутпен аяқталды
Қазақстандық боксшы Али Балоев (14-2-1, 8 КО) Түркияның Фетхие қаласында өткен кәсіпқой бокс кешінде жеңіске жетті.
instagram/@ali_boxing_kz
Бірінші раундта шешілген айқас
Ол рингте босниялық ауыр салмақты Эрмин Авдичпен (15-15-1, 11 КО) кездескен. Крузервейттегі алты раундқа жоспарланған айқас ұзаққа созылған жоқ. Балоев қарсыласын бірінші раундта-ақ нокаутпен құлатты.
Жеке рекордындағы жеңістер
Бұл жеңіс Али Балоевтың кәсіби мансабындағы 15-ші жеңісі болды. Ал қарсыласы Эрмин Авдич өз есебіне 16-шы жеңілісті жазды.
Айта кетейік, бұл Балоевтың 2025 жылғы екінші жекпе-жегі. Бұған дейін ол ақпан айында Қытайдың өкілі Озат Нұрланды (17-4-2, 13 КО) төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңген еді.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet