Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Ресми: Ангелина Лукастың жуырдағы жекпе-жегі есептелмейтін болды

Сарапшы, спорт журналисі

Отандасымыз жуырда кезекті айқасын өткізіп, америкалық қарсыласына жеңіліп қалған еді. 

Ресми: Ангелина Лукастың жуырдағы жекпе-жегі есептелмейтін болды
Meta-ratings.kz

Қазақстанның ең сексуалды боксшысы атанған Ангелина Лукас Каирде өткен WBA титулы үшін жекпе-жектен кейін күтпеген жаңалық естіді. АҚШ боксшысы Кэтрин Реннимен болған айқас ресми түрде No Contest деп жарияланды.

Спорт жұлдызының айтуынша, Америка боксшысы Кэтрин Ренни допинг-тесттен өте алмаған, ал жекпе-жек төрешілерінің жұмысынан елеулі қателіктер анықталған. Сол себепті WBA ұйымы айқасты ресми түрде “жарамсыз” (No Contest) деп таныды.

Лукастың пікір

Ангелина бұл жаңалықты өз әлеуметтік желілерінде жариялап, жанкүйерлеріне эмоциялық жазба қалдырды:

«Бүгін жекпе-жек ресми түрде No Contest деп танылды. Жеңіс қарсыласыма есептелмейді — ол допинг-тесттен өтпеді, ал төрешілер тарапынан да қателіктер болды. Бірақ ең маңыздысы — мен әр раундты адал, ашық және соңына дейін айқастым», — деп жазды боксшы.

Жанкүйерлер арасында резонанс тудырған айқас енді мүлде жаңа мәнге ие болды. Лукас таза бокс стилінің арқасында әділдіктің орнауына қол жеткізді.

Бұл шешім нені білдіреді?

  • Жекпе-жек нәтижесі жойылды. Кэтрин Реннидің жеңісі енді есептелмейді.
  • Ангелина Лукас рейтингте ұтылыссыз қалады.
  • WBA Gold титулы бос күйінде қалуы мүмкін.
  • Қайта жекпе-жек өткізу мүмкіндігі де қарастырылуы ықтимал.
Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір