Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Санжар Тәшкенбай мен Хасанбой Дусматов ерекше дуэт құрды

Сарапшы, спорт журналисі

Ташкентте өтіп жатқан оқу-жаттығу жиынында Қазақстан және Өзбекстан құрамалары бірлескен дайындықтарын жалғастырып жатыр. 

Санжар Тәшкенбай мен Хасанбой Дусматов ерекше дуэт құрды
instagram/@tashkenbay_sanzhar

Тәжірибе алмасқан тандем: Тәшкенбай мен Дусматов

Қазақстандық жас жұлдыз Санжар Тәшкенбай Instagram парақшасында ерекше видео жариялады. Роликте ол Өзбекстанның екі дүркін Олимпиада чемпионы Хасанбой Дусматовпен бірге бокс грушасында жұмыс істеп жатыр.

Екі боксшы бір инвентарьды кезектесіп емес, бір мезетте қатар қолдана отырып, жоғары деңгейдегі үйлесімділікті көрсетті. Мұндай синхронды жаттығу – олардың кәсіби тәжірибесінің, ритм сезімінің және дайындық деңгейінің көрінісі.

Халықаралық оқу-жаттығу жиыны: қатысушылар және мақсат

19 қарашада басталған Ташкенттегі халықаралық оқу-жаттығу жиынына бірнеше елдің ұлттық құрамасы жиналды. Қазақстанның бірінші және екінші нөмірлі боксшыларымен қатар Өзбекстан, Қырғызстан, Таиланд құрамалары да дайындыққа қатысып жатыр.

Бұл жиын Азия аймағындағы жетекші бокс мектептері үшін тәжірибе алмасуға, жаңа тактикалық шешімдер іздеуге және рейтингтік турнирлерге дайындықты күшейтуге бағытталған.

Бұл туралы не ойлайсыз?

👍 2
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір