ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 21-тур

«Бұл — бокстың жаңа дәуірі!» - Усик Головкинге үн қатты

Бұрынғы абсолютті чемпионы, украиналық жұлдыз Александр Усик Геннадий Головкинді World Boxing ұйымының президенті қызметіне ресми сайлануымен құттықтады.

«Бұл — бокстың жаңа дәуірі!» - Усик Головкинге үн қатты
ua.tribuna.com

Украиналық чемпион қазақстандық былғары қолғап шеберіне жылы лебізін жолдады

Атақты украиналық боксшы Instagram желісінде сторис жариялап, Головкиннің жаңа қызметі бүкіл әлемдік бокс индустриясы үшін ерекше маңызға ие екенін атап өтті.

«Геннадий, World Boxing президенті қызметіне тағайындалуыңызбен құттықтаймын. Бұл — бокстың болашағына жасалған маңызды қадам әрі спорттың жаңа дәуірінің бастауы», — деп жазды Усик.

Головкин Римде өткен конгрессте ресми түрде президент болып бекітілді

World Boxing конгресі Римде өтті. Онда Геннадий Головкин халықаралық ұйымның президенті ретінде ресми бекітілді. Айта кетерлігі, қазақстандық боксшы бұл лауазымға жалғыз кандидат болды.

GGG қазіргі уақытта Қазақстанның Ұлттық олимпиадалық комитетінің президенті қызметін де атқарады. Осылайша әлемдік бокс құрылымындағы ең ықпалды тұлғалардың біріне айналып отыр.

Усик WBO белдігінен ресми түрде бас тартты

Жаңалыққа қатысты тағы бір маңызды ақпарат — WBO ұйымы Усик тарапынан чемпиондық белдіктен бас тарту туралы ресми хат алғанын хабарлады.

Осыдан кейін уақытша чемпион мәртебесіне ие болған Фабио Уордли толыққанды әлем чемпионы деп танылды. Ол — украиналық боксшымен кездесуге кезектегі алғашқы қарсылас болған.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.